Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
ҚАЗАҚСТАН-ИРАН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ

Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 29 қаңтарда орнады.

Қазақстанның Ирандағы елшілігі 1993 жылдан бері жұмыс істейді.

2007 жылдың қазан айында Горган қаласында Қазақстан Республикасының бас консулдығы ашылды.

2018 жылдың қазан айында Бендер Аббастағы консулдық жұмыс істей бастады.

2019 жылдың қаңтарынан бастап А.Т. Оразбай Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы елшісі болып тағайындалды.

Иран Ислам Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі 1992 жылдан бері жұмыс істейді. Иран Ислам Республикасының Ақтаудағы бас консулдығы 2009 жылдың қазан айында, ал Алматыда 2012 жылғы тамызда ашылды.

2023 жылғы наурыздан бастап Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі - А.А.Джоукари.

 

Саяси ынтымақтастық

Аса жоғары деңгейдегі сапарлар

Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың негізі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 1992 ж. қарашасында Иранға ресми сапары кезінде қаланды. Сапар барысында сауда-экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссия құру туралы хаттамаға қол қойылды.

Иран Президенті А.Х.Рафсанжанидың 1993 жылғы қазандағы сапары екі ел арасындағы достық қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал етті.

ҚР Президентінің 1996 жылғы мамыр мен 1999 жылғы қазан айында Тегеранға жасаған сапарлары аясында көлік, транзит, мұнай және газ саласындағы бірқатар экономикалық келісімдерге қол қойылды.

Иран Президенті М. Хатами Қазақстанға екі рет барды: ЭЫҰ саммитіне (1998 ж. мамыр) қатысты және 2002 жылғы сәуірде ресми сапар жасады.

2007 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Тегеранға ресми сапармен келді, сондай-ақ Каспий жағалауы мемлекеттерінің ІІ саммитіне қатысты.

2009 жылғы сәуірде Иран Президенті М.Ахмадинежад Астанаға сапармен барлы. Ал, 2011 жылғы маусымда ол ШЫҰ саммитіне қатысты.

2013 жылғы тамызда ҚР Мемлекет басшысы Иран Президенті Х.Руханиды ұлықтау рәсіміне қатысты.

2014 жылдың қыркүйегінде Иран Президенті Х.Рухани мемлекеттік сапармен Астанаға барды. Сапар барысында Бірлескен мәлімдеме қабылданды, жолаушылар мен жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдау туралы келісімге, Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың жол картасына қол қойылды.

2016 жылғы 11-12 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Тегеранға ресми сапармен барды, оның барысында 60-тан астам екіжақты құжаттарға, оның ішінде жалпы сомасы 1 млрд 100 млн доллар болатын 48 коммерциялық келісімдер мен келісімшарттарға қол қойылды.

2016 жылғы 21-22 желтоқсанда Иран Ислам Республикасының Президенті Х.Руханидың Қазақстан Республикасына ресми сапары өтті.

2017 жылғы 10 қыркүйекте Иран Президенті Х.Рухани Астанада өткен ИЫҰ Технологиялар және ғылым жөніндегі бірінші саммитіне қатысты.

2018 жылғы 12 тамызда Иран Президенті Х.Рухани Ақтауда өткен Каспий саммитіне қатысты.

Екі мемлекет басшылары Бішкектегі 13-ші саммитте (2013 ж. қыркүйек), Шанхайдағы АӨСШК 4-ші саммитінде (2014 ж. мамыр), Астрахандағы Каспий саммитінде (2014 ж. қыркүйек), Қазақстан-Түрікменстан-Иран темір жолының ашылу салтанатында (2014 ж. желтоқсан), Сочиде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырыстары барысында (2019 ж. қазан) кездесті.

2021 ж. 17 қыркүйекте Душанбеде және 2022 ж. 16 қыркүйекте Самарқандта ШЫҰ саммиттері алаңында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев ИИР Президенті И.Раисимен кездесті.

2022 ж. 19 маусымда ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев Тегеранға ресми сапары аясында ИИР жоғары лидері Ә.Хаменеи және ИИР Президенті И.Раисимен кездесті.

2022 ж. 12-13 қазанда ИИР Президенті И.Раиси Астанада өткен АӨСШК 6-ші саммитіне қатысты.

2023 ж. 18 қыркүйекте БҰҰ БА 78-ші сессиясы аясында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев ИИР Президенті И.Раисимен кездесті.

 

Жоғары деңгейдегі сапарлар

Өткен кезеңдерде Иранға ҚР Премьер-министрі К.Мәсімов (2009 ж. наурыз), Парламент Мәжілісінің вице-спикері Ж.Кәрібжанов (2011 ж. наурыз), Сыртқы істер министрі М. Тәжин (2007 ж. маусым), Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов (2011 ж. қазан, 2012 ж. тамыз), Бас прокурор А.Дауылбаев (2012 ж. сәуір), Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев (2014 ж. қыркүйек, 2016 ж. ақпан), Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов (2015 ж. қараша), Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков (2016 ж. наурыз), Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов (2017 ж. тамыз), Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы (2017 ж. тамыз) Премьер-министр орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов (2017 ж. қараша) және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы К. Мәсімов (2018 шілде) сапарлармен келді.

Қазақстанға ИИР Мәжілісінің төрағасы Ә.Лариджани (2010 ж. қазан), ИИР бірінші вице-президенттері Х.Хабиби (2000 және 2002 жж.), Р.Ареф (2005 ж. маусым), П. Довуди (2008 ж. қазан), вице-президенттер Х.Бағай (2009 ж. қазан), М.Мохаммадизаде (2012 ж. мамыр), Сауда министрі М. Ғазанфари (2009 ж. желтоқсан), Сыртқы істер министрлері М.Моттаки (2008 ж. қазан), Ә.Салехи (2011 ж. маусым, 2012 ж. маусымы мен қыркүйегі, 2013 ж. сәуір), М.Зариф (2015 ж. сәуір, 2017 ж. маусым және 2019 ж. қараша), сонымен қатар Иран Жоғары қауіпсіздік кеңесінің хатшысы С.Жалили (2013 ж. ақпан-сәуір) сапарлар жасады.

2019 жылғы 12 тамызда Түркіменбаши қаласында өткен I Каспий экономикалық форумында ҚР Премьер-Министрі А.Мамин ИИР Бірінші Вице-президенті Е. Джахангиримен кездесті.

Тараптар өңірлік және халықаралық құрылымдар: БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК, ШЫҰ, ЭКО, Каспий теңізіндегі арнайы жұмыс тобының аясында табысты ынтымақтастық орнатуда.

Иран Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын қолдады, Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дауыс берді және штаб-пәтері Астанада орналасқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының жарғысына қол қойды.

Алматыда «алтылық» халықаралық делдал тобы мен Иранның арасында ИИР ядролық бағдарламасы жөніндегі келіссөздердің екі раунды өтті (2013 ж. ақпан-сәуір).

Иран Сириядағы атысты тоқтатудың кепілгер елдерінің бірі ретінде Астана процесі шеңберіндегі халықаралық кездесулерге қатысып келеді.

2022 ж. 6 қазанда Мәскеуде Екінші Каспий экономикалық форумы алаңында ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайылов ИИР Бірінші вице-президенті М.Мохбермен кездесті.

ҚР Сыртқы істер министрі М.Зариф Қазақстанға екі рет (2019 ж. қараша және 2021 ж. желтоқсан) сапар шекті.

2022 ж. 12 қаңтарда ҚР Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді ИИР Сыртқы істер министрі Х.Әмір-Абдоллахианмен кездесті.

2023 ж. 26 сәуірде ҚР Премьер-министрі Ә.Смайылов Тегеранға сапар жасады.

2023 ж. 5 желтоқсанда Мәскеуде Каспий маңы елдері сыртқы істер министрлерінің отырысы аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу ИИР Сыртқы істер министрі Х.Әмір-Абдоллахианмен кездесті.

      

   Парламентаралық қатынас

Соңғы уақытта екі елдің парламентшілері арасындағы байланыс едәуір жанданды.

         2019 ж. 26-27 маусымда Иран тарапының шақыруымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік және мәдени даму комитетінің хатшысы, Парламентаралық ынтымақтастық тобының жетекшісі М.Мамраев Азия Парламенттік Ассамблеясының (AПA) Тұрақты комитетінің кезекті отырысына қатысу үшін Исфаханға сапармен барды. 

Сапар аясында оның ИИР Парламентінің бірінші вице-спикері - Иран делегациясының басшысы доктор М.Пезешкианмен және АПА-ның бас хатшысы М.Мажидимен екіжақты кездесулері өтті.

2019 ж. 23-24 қыркүйекте ИИР Парламенті Бірінші вице-спикері М.Пезешкиан Нұр-Сұлтан қаласында өткен Еуразия елдері спикерлерінің 4-отырысына қатысты. Сапар барысында ол Парламент пен елдің басшылығымен кездесті.

2019 жылғы 7-8 қазанда ҚР Парламенті Сенатының депутаты Т.Мұсабаев Дүниежүзілік ғарыш апталығына қатысу үшін Тегеранға келді.

2021 ж. 4-6 тамызда ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары А.Шакиров И.Раисидің инаугурациясына қатысты.

2022 ж. 6 маусымда ИИР Парламенті Мәжілісі Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитеті төрағасының орынбасары А.Могтажаидің Астанада өткен ОДКБ ПА-ның кезекті отырысына қатысты.

Документы
Новости
Полезные материалы
ҚАЗАҚСТАН-ИРАН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

• Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары