
Қазақстанның Тбилисидегі Елшілігінде Елші Мәлік Мырзалиннің Эстонияның Грузиядағы жаңа Елшісі Марге Мардисалу-Кахар ханыммен кездесуі өтті.
Достық әңгіме барысында дипломаттар Қазақстан мен Эстония арасындағы екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша қарым-қатынастардың жоғары деңгейі мен сындарлы сипатын атап өтті.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Грузия және Эстония мен Грузия ынтымақтастығын дамытудың негізгі бағыттары бойынша пікір алмасты.
Елші М.Мырзалин әріптесін Грузия Премьер-Министрі Ираклий Кобахидзенің 2025 ж. 5-6 ақпанда Қазақстан Республикасына жасаған сапарының нәтижелерімен таныстырды.
Қазақстан мен Эстония және Грузияның көліктік-тасымалдау саласындағы әлеуеттерін ескере отырып, осы саладағы ынтымақтастыққа, оның ішінде «Орта дәліз» мультимодалды бағыты шеңберіндегі қарым-қатынастарға ерекше көңіл бөлінді.
Кездесу соңында дипломаттар байланыстарды жалғастыру және өзара ынтымақтастық туралы уағдаласты.