
Қазақстанның Грузиядағы Елшілігі Абай ескерткішінің жанындағы скверде экологиялық акция ұйымдастырды. Оған қазақстандық студенттер, қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Грузияда жүрген отандастарымыз үшін бұл жер дәстүрлі жиналып тұратын «Қазақстанның бұрышына» айналуда, өйткені осындай іс-шара екінші рет өткізілуде және де әртүрлі жақсы оқиғалар аясында қызықты мазмұнымен жалғасын табатын болады.
Бұл жолы қазақ жастары Абай Құнанбайұлы атындағы аудиториясы бар Сухуми мемлекеттік университетінен грузин құрдастарын шақырды. Қазақ жастары грузин құрдастарына Қазақстаннан әдейі арналып тіктірілген ұлы ақын және ойшылымыз Абайдың бейнесі тоқылған әдемі жейделерді сыйлады.