
Грузиядағы БҰҰ-Әйелдер басшысы Каори Ишикава ханым, сондай-ақ БҰҰ-Әйелдер қоғамдастығын жұмылдыру және әлеуетін арттыру жөніндегі үйлестіруші, біздің отандасымыз Меруерт Сыздықбекова Қазақстанның Елшілігіне келді.Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Мәлік Мырзалинмен кездесу барысында өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары талқыланып, ортақ қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасылды.Кездесу соңында тараптар байланыстарды жалғастыру және өзара ынтымақтастық туралы келісті.