
Тбилиси, 2023 жылғы 23 ақпан – Грузияның сарапшылар қоғамдастығының өкілдері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлаудың жаңа жүйесімен танысты.
Грузияның жетекші талдау орталықтарының зерттеушілеріне, саясаттанушыларға, сондай-ақ БАҚ өкілдеріне Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Мәлік Мырзалин елімізде болып жатқан жаңғырту мен трансформация, саяси өзгерістер және экономикалық реформалар туралы айтып берді.
Аудитория назарына жалпыұлттық референдумда азаматтар қолдаған конституциялық реформаны іс жүзінде іске асыру туралы ақпарат ұсынылды. «Рефендумның нәтижесінде біздің еліміз биліктің заңнамалық тармағын қалыптастырудың жаңа, неғұрлым әділ және бәсекеге қабілетті ережелеріне көшті», - деді қазақстандық дипломат.
Елші М.Мырзалин Грузия тарапын алдағы парламенттік сайлаудың негізгі жаңалықтарымен егжей-тегжейлі таныстырып, олардың Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен саяси реформалардың қисынды жалғасы екенін атап өтті.
Өз кезегінде, пікірталасқа қатысушылар ҚР мемлекеті басшысының елді одан әрі саяси және экономикалық жаңғырту жөніндегі батыл шешімдеріне зор қызығушылық танытты.
«Geocase» талдау ұйымының төрағасы Виктор Кипианидің айтуынша, Қазақстандағы оқиғалар тұтастай алғанда Каспий-Қара теңіз аймағының дамуы тұрғысынан қарастырылады. Осыған байланысты ҚР-да болып жатқан оң өзгерістер барлық мүдделі тараптар үшін маңызды.
«GSAC» талдау орталығының сарапшысы Гела Васадзе «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының уақтылығы мен маңыздылығын, жаңа өзгерістердің өңірлерді дамытуға және олардың дербестігіне бағытталғанын атап өтті. Қазақстанның геосаясаттағы маңызды рөліне назар аударып, біздің елді «Шығыс-Батыс» осі үшін негізгі буын бола алады, - деп атап өтті.
Кавказ Халықаралық университетінің профессоры Вахтанг Маисайдың байқауы бойынша Қазақстанда саяси мәдениет деңгейі айтарлықтай өсті. Мемлекет пен қоғам саяси консенсусқа келді. «Жаңа геосаяси, керісінше геоэкономикалық шындық Қазақстанның Кавказ-Каспий өңіріндегі рөлін күшейтеді. Қазақстан демократиялық хабқа, демократиялық құндылықтарды таратудағы өңірлік гегемонға айналуда», - деді сарапшы.
Пікірталас қорытындысы бойынша грузин сарапшылары Қазақстанға табыс тілеп, мемлекеттік жүйені түбегейлі қайта құру таяу болашақта халыққа өз жемісін беретініне, ал экономикалық реформалар қазақстан-грузин қатынастарын жаңа бағыттармен толықтыратынына сенім білдірді.