Автокөлік құралдарының жүргізушілеріне және жолаушыларға арналған коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын сақтау бойынша жадынама

Автокөлік құралдарының жүргізушілеріне және жолаушыларға арналған коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын сақтау бойынша жадынама

Автокөлік құралдарының жүргізушілеріне және жолаушыларға арналған коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын сақтау бойынша жадынама

 

  1. Автокөлік құралдары жүргізушілерінің және жолаушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуі шетелдік төлқұжат арқылы жүзеге асырылады.

 

  1. Жүк автокөлігінің жүргізушісі тікелей белгіленген уақытша сақтау қоймасына баруы тиіс, сондай-ақ жол бойы автокөлік кабинасында болуы және төмендегі жерлерден бөлек өз еркімен басқа жерлерге бармауы қажет: жанар-жағар май станциялары, тамақтану орындары, азық-түлік дүкендері, арнайы жабдықталған автотұрақтар немесе автокөлік істен шыққан жағдайда қызмет көрсету станциялары.

 

  1. Көлік құралының жүргізушісі немесе жолаушылары өздерінен жедел респираторлық вирустық инфекцияның (ЖРВИ) белгілерін байқаған жағдайда, көлікте қалуы және 103 немесе 112 нөміріне қоңырау шалып, денсаулық жағдайы, көліктің орналасқан жері, нөмірі, көліктегі адам саны туралы хабарлап, жедел жәрдемнің келуін күтуі қажет.

 

  1. Жүк автокөлігін босатып, кедендік тазалау өткізгеннен кейін, шетелдік тасымалдаушы тиісті жерде жүкті тиеп, кедендік рәсімдеуді жүзеге асыруы керек.

 

  1. Жүктерді тиеу кезінде көлік жүргізушісі жүк көліктеріне арналған арнайы тұрақта күте алады.

 

  1. Жүктеу мен кедендік рәсімдеуден кейін жүргізуші тікелей шекараның өткізу пунктіне баруы, және де кіру кезіндегі шарттарды орындай отырып, Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы тиіс.

 

  1. Шетелдік жүргізуші жол барысында жергілікті халықпен сөйлесуін мүмкіндігінше азайтуы қажет.

 

  1. Автобустармен (микроавтобустармен) тасымалдау кезінде жолаушыларды отырғызу және түсіру тек автовокзалдар мен автобекеттерде жүзеге асырылады.

 

  1. Әр рейстен кейін тазалағыш және дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы автобусты (микроавтобусты) тазалап шығу керек.

 

Жолаушылардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы және жеке қорғаныс құралдарын пайдалануы қажет.