Грузияда тұратын Қазақстан азаматтарының назарына!

Грузияда тұратын Қазақстан азаматтарының назарына!

Коронавирус инфекциясынының (COVID -19) таралуының алдын алу және болдырмау мақсатында келесі шараларды қабылдау қажет.
Жедел респираторлы вирустық инфекцияның клиникалық белгілері болған жағдайда
COVID -19 диагнозын анықтау үшін ПТР-тест тапсыру қажет.
Тест оң нәтиже көрсеткен және карантинге жатқызылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігінің консулына келесі нөмірлер бойынша дереу хабарлау қажет:
+995 577 022 224, Қазақстан Республикасының Тбилиси қаласындағы Елшілігінің нөмірі: +995 32 255 2000, тәулік бойы жұмыс жасайтын сенім телефоны: +995 577 004 844.
Бұл құқықтық көмек көрсету үшін және білікті аудармашымен қамтамасыз ету үшін қажет.
Болу еліндегі қазақстандық кәсіпорындарда жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарының сырқаттануы расталған жағдайда кәсіпорын басшыларын жоғарыдағы көрсетілген нөмірлер бойынша Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігінің консулын тез арада хабардар етуді сұраймыз.
Коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін иммуностимуляторлық және вирусқа қарсы препараттарды қабылдауды ұсынамыз.