Қазақстан Елшісінің Самцхе-Джавахети өңіріне сапары

Қазақстан Елшісінің Самцхе-Джавахети өңіріне сапары

Қазақстан Республикасының Елшісі Бауыржан Мұхаметжанов жұмыс сапарымен Грузияның ең ірі аймақтарының бірі Самцхе-Джавахетиге барды.

Жұмыс сапары барысында өңір губернаторы Бесарион Амиранашвилимен, бизнес-топтардың өкілдерімен кездесулер өтіп, онда Қазақстан-Грузия ынтымақтастығының перспективалық бағыттары талқыланды.

ҚР Елшісі тікелей өңіраралық қарым-қатынастарды дамытуды ілгерілету жөнінде ұсыныс жасады.

Самцхе-Джавахети өңірі Маңғыстау облысымен экономика, туризм, оның ішінде медициналық туризм салаларында байланыстар орнатуға қызығушылық танытты.