
Тбилиси, 2022 жылғы 13 сәуір - Қазақстан Елшілігіне Бразилияның Грузиядағы Елшісі Биато Джуниор мырза ізеттік сапармен келді.
Қазақстан Елшісі Бауыржан Мұхаметжановпен кездесу барысында дипломаттар өз елдері арасындағы екіжақты қарым-қатынастар және елдерінің аккредиттелен мемлекетпен ынтымақтастығы жөнінде, сондай-ақ ортақ қызығушылық танытқан басқа да мәселелер туралы пікір алмасты.
Бразилия СІМ жүйесінде 1981 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан, оның ішінде 2011-2013 жылдары Қазақстанда Бразилия Елшісі болған, тәжірибелі дипломат Беато Джуниор мырза #Жаңа Қазақстанның тұжырымдамасымен қызығушылықпен танысты.
Бразилия Федеративтік Республикасы 1991 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады. Қазақстан мен Бразилия арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылғы 22 қыркүйекте орнатылды.