Тбилисиде Қазақстанмен туризм саласындағы ынтымақтастық жөніндегі дөңгелек үстел өтті

Тбилисиде Қазақстанмен туризм саласындағы ынтымақтастық жөніндегі дөңгелек үстел өтті

Тбилиси, 2021 жылғы 29 қыркүйекте ҚР Грузиядағы Елшілігінің қолдауымен Грузия үшін қазақстандық туристер легінің маңыздылығы және перспективалар тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қазақстан-Грузия экономикалық бірлестігі, «Эйр Астана» әуекомпаниясы, Грузияның жетекші туристік компаниялары, БАҚ өкілдері, сондай-ақ осы саладағы сарапшылар қатысты.

Кездесу барысында іс-шара қатысушылары Қазақстан мен Грузия арасындағы туристік сектордағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін, атап айтқанда, бұл саладағы қабылданған шаралар, қиындықтар мен проблемалық мәселелер, саланың даму перспективалары бойынша және т.б. сұрақтарды талқылады.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша пікір және тәжірибе алмасу мақсатында туризм саласына жетекшілік ететін және осы салада қызмет атқаратын қазақстандық және грузиндік мекемелер мен компаниялардың қатысуымен осындай форматта кездесу ұйымдастыру туралы келісілді.