
2021 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Мұхаметжановтың қатысуымен көрсетілген гуманитарлық көмектер үшін ризашылық белгісі ретінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің атынан алғыс грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
Өткен жылы Елшіліктің бастамасымен коронавирустық пандемияға байланысты күрделі эпидемиологиялық жағдайға орай медициналық жеке қорғаныс құралдары түрінде Қазақстанға бірнеше гуманитарлық жүктерді жіберу ұйымдастырылды. Қайырымдылық акцияларына Грузиядағы отандық ұлттық компаниялардың өкілдіктері мен грузиндік бизнесмендер белсенді қатысты.
Салтанатты шарада «Батуми мұнай терминалы», «Халық Банк Грузия», «Ромпетрол Грузия», «Эйр Астана», «GK Logistics» компанияларының басшылары, сондай-ақ Рустави қаласындағы ҚР Грузиядағы Құрметті Консулы алғыс грамоталармен марапатталды.