Меню

Страницы

Статья

Шығыс пен Батысты жалғаған

Биыл Қазақстан бүкіл әлем мойындаған және адамзат тарихында Аристотельден кейінгі екінші ұстаз ретінде танылған ұлы ғалым, ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өтуде. Ірі ортағасырлық ғалым, математик, философ Әл-Фараби Аристотель мен Платонның еңбектерін жалғастырушы және түсіндіруші болды, оның идеялары Ибн Синаның көзқарастарына әсер етті, ортағасырлық Еуропа философиясы мен ғылымының дамуына үлкен серпін берді.

Ондаған тілдерде сөйлеген шығыс ойшылы қазіргі Қазақстан аумағында, моңғол шапқыншылығына дейін Орта Азиядағы ең ірі қалалардың бірі болған Отырар қаласында дүниеге келді.

Қазақстанда онлайн режимінде ғылыми конференциялар мен философиялық кездесулер өтуде. Ойшылдың кітаптары қайта шығарылуда, оның еңбектері негізінде жаңа зерттеулер жазылуда. Философтың Қазақстанның қоғамдық-саяси модернизациясы жағдайында және өскелең ұрпақтың құндылық бағдарын қалыптастырудағы үлкен ғылыми және рухани мұрасы баға жетпес болып табылады.

Ұлы ғалым адамдардың жер бетіндегі бақытына жетуіне сенді. Бұл идеяны оның «Қайрымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактат», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жол сілтеу», «Бақытқа жету туралы» және т.б. трактаттарынан көруге болады. Әл-Фарабидің жан-жақты ғылыми ізденістерінің нәтижесі «Ғылым классификациясы туралы» трактаты болып табылады, онда сол кездегі ғылымдар қатаң түрде тізбектелген, әр адамның зерттеу пәні анықталған.

Оның логика бойынша еңбектері «Категориялар», «Диалектика», «Әріптер кітабы», «Даналықтың асыл сөздері», «Логикада қолданылатын ағындар», «Аналитика», «Дәлелдеме» және т.б. Музыка мен поэзия туралы трактаттарға «Музыка туралы үлкен кітап», «Поэзия өнері туралы Трактат» атты еңбектері жатады.

Әл-Фарабидің жаратылыстану-ғылыми трактаттары «Птолемейдің «Алмагестіне» түсініктеме», «Адам денесінің мүшелеріне қатысты Галеннің Аристотельмен келіспеушілігіне қарсылығы туралы», «Химия өнерінің қажеттілігі туралы» және т.б.

Дата публикации
11 августа 2020
Дата обновления
11 августа 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
28 марта 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
28 марта 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Ақпарат
28 марта 2024
Құжаттарды заңдастыру

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары