«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңының 26 - бабы 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес МӘМС – ке орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын адамдар үшін жарналарды (бұдан әрі-студент) мемлекет жүзеге асырады.
Осылайша, МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығын алу үшін шетелдік ЖОО-да оқып жүрген студенттерге egov.kz электрондық үкімет порталында «шетелде оқитын студенттерді тіркеу» бөлімінде, анықтамамен (оқу орнынан анықтама) қоса отырып, өтінім беру қажет.
Порталға сілтеме https://egov.kz/cms/ru/services/university_degree/6-51pass_mon