ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҒЫН ЖОҒАЛТУ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҒЫН ЖОҒАЛТУ (тұрақты тұруға шығуға рұқсаты бар)
(Грузияға тұрақты тұруға шығуға рұқсаты бар тұлғаларға паспорт тапсыру)
АЗАМАТТЫҚТЫҢ ЖОҒАЛТУЫН ТІРКЕУ ҮШІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАСПОРТЫН ТАПСЫРУ ТӘРТІБІ
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігі Грузияның азаматтығын қабылдауына байланысты азаматтықтың жоғалтуын тіркеу үшін Қазақстан Республикасы азаматының паспорттарын ЖЕКЕ ЖҮГІНГЕН жағдайда қабылдайды.
Құжаттар Грузияға тұрақты тұруға шығуына байланысты Қазақстандағы тіркеуден шыққан және Грузияда тұратын азаматтардан қабылданады.
БҰЛ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ!
Паспортты тапсырғаны және Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркегені үшін ақы алынбайды, бұл қызмет тегін негізде жүзеге асырылады.
Консулдық алым азаматтықтың жоғалтуын тіркелгенін растайтын заңды күші бар анықтама ресімделген жағдайда ғана алынады.
ЖЕКЕ ЖҮГІНГЕН КЕЗДЕ құжаттар тізімі
Консулдық алым (анықтама ресімделген жағдайда) – 50 АҚШ доллар.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҒЫН ЖОҒАЛТУ (тұрақты тұруға шығуға рұқсаты жоқ)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҒЫН ЖОҒАЛТУ
(Грузияға тұрақты тұруға шығуға рұқсаты жоқ тұлғаларға паспорт және жеке куәлік тапсыру)
АЗАМАТТЫҚТЫҢ ЖОҒАЛТУЫН ТІРКЕУ ҮШІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАСПОРТЫН ЖӘНЕ ЖЕКЕ КУӘЛІГІН
ТАПСЫРУ ТӘРТІБІ
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
Елшілік Қазақстаннан Грузияға тұрақты тұруға шығу үшін рұқсат ресімдемеген (тіркеуден шықпаған) азаматтардан құжаттарды қабылдауды уақытша жүзеге асырады.
Құжаттар ЖЕКЕ ЖҮГІНГЕН жағдайда қабылданады.
Осы санаттағы тұлғалардан қабылданған құжаттар Қазақстан Республикасының азаматтығының жоғалтуын тіркеу туралы шешім қабылдау үшін өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшелеріне жіберіледі.
БҰЛ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ!
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеуге қатысты қабылданған шешім туралы хабарламаны Қазақстан Республикасының аумақтық көші-қон қызметі органдары өтініш берушінің мекенжайына жібереді.
Паспортты және жеке куәлікті (болған жағдайда) тапсырғаны үшін ақы алынбайды, бұл қызмет тегін негізде жүзеге асырылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАН ТЫС ЖЕРЛЕРГЕ ТҰРАҚТЫ ТҰРУҒА ШЫҒУ ҮШІН РҰҚСАТ РЕСІМДЕМЕГЕН
ТҰЛҒАЛАР ҮШІН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
МАҢЫЗДЫ!
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін рұқсат ресімдемеген тұлғаларға анықтама тек өтініш беруші ҚР ІІМ көші-қон қызметінен хабарлама алғаннан кейін ғана берілуі мүмкін.
Осыған байланысты, анықтама үшін консулдық алымды алдын-ала төлемеуді сұраймыз.
АЗАМАТТАРДЫҢ НАЗАРЫНА АҚПАРАТ
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» ҚР Заңынан үзінділер
(бұдан әрі - Заң).
3-бап. Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.
21-бап. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсыруға міндетті.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау екі жүз айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 496-бабы, 05.07.2014 ж. №235-V).
37-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығы оның жоғалуын заңмен белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдар тiркеген күнi тоқтатылады.