«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан азаматтығынан шығу туралы шешімді ҚР Президенті шығарады. ҚР азаматтығынан шығуға адамның осы Заңда белгіленген тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі.