Грузияда еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтарына және олардың отбасы мүшелеріне (балаларына)

Грузияда еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтарына және олардың отбасы мүшелеріне (балаларына)

  1. Ресімдеу үшін өтініш- 2 дана (өтінішті басып шығару және үлгіге сәйкес толтыру қажет);
  2. Одан әрі жіберу үшін өтініш - 2 дана(өтінішті басып шығару және үлгіге сәйкес толтыру қажет);  
  3. Сауалнама- 2 дана(сауалнаманы  басып шығару және үлгіге сәйкес толтыру қажет);  
  4. ҚР азаматының паспорты, түпнұсқа және көшірмесі - 2 дана;
  5. ҚР азаматының жеке куәлігі, түпнұсқа және көшірмесі - 2 дана;
  6. Өтініш берушінің туу туралы куәлігі, түпнұсқа және көшірмесі - 2 дана;
  7. Отбасы мүшелерінің (балалардың) туу туралы куәлігі, түпнұсқа және көшірмесі - 2 дана;
  8. Неке қию (бұзу) туралы куәлік (болған жағдайда),түпнұсқа және көшірмесі - 2 дана;
  9. Өлшемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түстітөрт фотосурет - 4 дана (фотосуреттер құжатты ресімдеу кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келуі және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, бейтарап бет-әлпеті көрінісімен және ауызы жабық түскен, бет-әлпеті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алатын болуы тиіс. Фотосуреттер бір негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдісімен орындалады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді);
  10. Кадрлар бөлімі растаған еңбек шартының көшірмесі, түпнұсқа және көшірмесі - 2дана;
  11. Жұмыс орнынан анықтама, түпнұсқа және көшірмесі - 1 дана;
  12. Грузияның азаматтығының жоқтығы туралы тұрғылықты жері бойынша құзырлы органдарынан анықтама,түпнұсқа және көшірмесі - 1 дана;
  13. Грузияда тіркеуді растайтын құжат (уақытша тіркеу, уақытша тұруға рұқсат немесе тұрақты тұруға рұқсат), түпнұсқа және көшірмесі - 2 дана;
  14. Грузияның ішкі істер органдарынан ҚР паспортын жоғалту немесе ұрлау туралы анықтама (жоғалған немесе ұрланған жағдайда), түпнұсқа және көшірмесі - 1 дана;
  15. Қазақстан Республикасының паспортымен баланы(ата-анасының түрлі азаматтығы болған жағдайда) құжаттандыруға шетелдік ата-анасы берген нотариалды куәландырылған өтініш-келісім;
  16. Консулдық алым төленгені туралы құжат(төлем үшін реквизиттер сілтеме бойынша) – 40 АҚШ доллары

ӨТІНІШ БЕРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылған ақпаратты тексеру үшін көрсетіледі және құжаттарды қабылдағаннан кейін өтініш берушілерге қайтарылады.

Шет елдерде берілген құжаттар (туу туралы куәлік, неке қию (бұзу) туралы куәлік) болған жағдайда олардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсыну қажет.

Дата публикации
09 июля 2021