Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Екі елде де Қазақстан мен Грузияның мәдениет күндері өткізілді. 2006 жылғы 24 қарашада Тбилиси қаласында "Қазақстан-Грузия: тоғысу" атты мәдениет фестивалі өтті. Фестиваль барысында "Көшпенді" фильмі көрсетілді, фотокөрме, шығармашылық ұжымдардың концерттері және "Қыз Жібек" мюзиклінің премьерасы өтті, ал 2007 жылғы 1-5 шілдеде Астана қаласында - "Грузия мәдениетінің күндері" ұйымдастырылды. 170 адамнан тұрған делегацияны Тбилиси қаласының мэрі Угулава басқарды.

Грузия парламентіндегі И.Чавчавадзе атындағы Ұлттық кітапханада Қазақстан әдебиетінің бұрыштары бар.  Ол 17.04.2017 ж. ашылған, сондай-ақ Сухуми мемлекеттік университетінде (18.05.2021 ж.); Тбилиси мемлекеттік университетінде де (17.06.2023 ж.) қазақ кітаптарына арналған сөрелер орналастырылған.

Қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай: Грузия астанасы көшелерінің біріне қазақ ақынының есімі берілді (24.07.2020 ж.); ескерткіш орнатылды (27.04.2022 Ж.), Абай өлеңдері алғаш рет грузин тіліне аударылды (2020 ж. мамыр); Сухуми мемлекеттік университетінде Абай атындағы аудитория ашылды (21.05.2021 ж.).

Қазақстандық театрлардың Грузияға гастрольдері өтті: 2018 жылғы 7-9 тамыз Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры; 2022 жылғы 14-15 қараша "Астана Балет" театры; 22-23 қыркүйек "Астана Опера"мемлекеттік опера және балет театры.

Екі рет қазақстандық кино күндері өткізілді (2014 және 2022 жж.). 2023 жылдың наурыз айында ҚР мен Грузия бірлесіп шығарған "Махаббаттан артық" романтикалық комедиясы кинотеатрлар экранына шықты.

Астана мен Тбилиси; Ақтау және Поти (2005 ж.); Атырау және Боржоми (2023 ж.) қалалары арасында бауырластық байланыстар орнатылған.

Грузияда Квемо-Картли және Мцхета-Мтианети (Рустави қаласындағы резиденция), Самцхве-Джавахети және Имерети (Боржоми қ.), Шида Картли (Гори қ.), сондай-ақ Аджария Автономиялық Республикасы (Батуми қ.) аймақтарының консулдық округтерімен бірге Қазақстанның төрт Құрметті консулы тағайындалған.

Документы
Новости
Полезные материалы
Мұхтар Омарханұлы Әуезов
Роза Бағланова 100
Ахмет Байтұрсынов
Медиагалерея
1
Сухуми университетінде Абай атындағы дәрісхана ашылды
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары