
Қазақстан-Грузия қарым-қатынастары туралы
(жалпы мәлімет)
1992 жылғы 23 шілдеде – дипломатиялық қатынастар орнатылды.
2022 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мәлік Мырзалин болып табылады.
2022 жылғы қарашадан бастап Грузияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Николоз Лалиашвили болып табылады.
Саяси ынтымақтастық
Қазақстан мен Грузия арасында екіжақты ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша 70-тен астам құжатқа қол қойылған. Негізгі құжат 1993 жылғы 1 маусымда қол қойылған Қазақстан мен Грузия арасындағы қатынастардың негіздері туралы шарт болып табылады.
Жоғары деңгейдегі сапарлар: ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Грузияға ресми сапармен 2005 жылғы 2-4 қазанда келді. Грузия Президенттері Қазақстанға 6 рет ресми сапарлар жасаған (1993, 2006, 2007, 2008, 2010, 2017 жж.). ҚР Премьер-Министрінің Тбилисидегі ресми сапары 2023 жылғы 22-23 маусымда өтті, ал Грузия Премьер-Министрлері Қазақстанға 6 рет ресми және жұмыс сапарларын жүзеге асырды (2010, 2011, 2014, 2019, 2022, 2023 жж.).
2019 жылғы 24 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының алаңында Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың Грузия Президенті С. Зурабишвилимен кездесуі өтті.
Екі елдің СІМ желісі бойынша сапарлары: 2010 жылғы 16-17 ақпанда ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Тбилисиге ресми сапары өтті. 2010 жылғы 6 мамырда Грузияның сыртқы істер министрі Г. Вашадзе Қазақстанға ресми сапармен барды.
Екі елдің Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде: 2017 жылғы 27 қыркүйекте Астанада; 2019 жылғы 16 қазанда Тбилиси қаласында; 2021 жылғы 20 қазанда Нұр-Сұлтанда; 2023 жылғы 15 наурызда Тбилисиде саяси консультациялар үнемі өткізіліп тұрады.