GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Елшілік туралы
Байланыс ақпарат
Екіжақты ынтымақтастық
Консулдық мәселелер
Все материалы
19 октября 2026
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Мұхтар Тілеубердіні қабылдады

2026 жылғы 19 қазан, Самарқанд - Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы істер ведомстволары басшыларының «С5+1» форматындағы министрлік кездесуі аясында Самарқанд қаласында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің қабылдауында болды.

Өзбекстан Басшысы соңғы жылдары екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары деңгейге көтерілгенін қанағаттанушылықпен атап өтіп, қазақ-өзбек стратегиялық әріптестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту мақсатында Қазақстанмен көпсалалы ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде М.Тілеуберді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен ізгі тілектерін жеткізіп, биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы туралы хабардар етті.

Қазақстандық дипломат бүгінгі таңда қазақ-өзбек қарым-қатынастары халықаралық аренадағы сенімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың үлгісі болып табылатынын атап өтті. Бұған жоғары деңгейдегі тұрақты әрі сенімге негізделген саяси диалог қолғабыс етеді.

Кездесу барысында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

19 октября 2026
Самарқандта Орталық Азия мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды

Самарқанд, 2026 жылғы 19 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Өзбекстан Республикасының диалогтық платформаға төрағалық ету жылында өтіп жатқан Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы істер ведомстволары басшылары және АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио қатысқан «С5+1» форматындағы министрлік кездесуге қатысты.

Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, өңірлік өзара байланыстылықты нығайту және тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Қазақстан СІМ басшысы өңірлік ынтымақтастықты дамытуға арналған тиімді платформа ретінде өзін танытқан «С5+1» форматының қалыптасуындағы Қазақстан мен АҚШ-тың тарихи рөлін атап өтті.

Министр сауданы кеңейтудің, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудың және жеткізу тізбектерін әртараптандырудың маңыздылығына назар аударды.

Сонымен қатар іс-шара қатысушылары аса маңызды минералдар, энергетика, цифрландыру және инновациялар салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптардың ұзақ мерзімді, өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайту және қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға дайындығын білдіретін Бірлескен мәлімдеме қабылданды.

19 октября 2026
Министрлік туралы Комитеттер Қызметі Құжаттар Баспасөз орталығы Протокол Байланыс ақпараты Қазақстан мен АҚШ кеңейтілген стратегиялық әріптестікті нығайту бағытын растады

Самарқанд, 2026 жылғы 19 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен кездесті.

Екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аудара отырып, кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Тараптар екіжақты қатынастардың оң серпінін атап өтіп, практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге, тауар айналымын ұлғайтуға және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға өзара мүдделілігін растады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ Президенті Дональд Трамппен 2025 жылғы қарашада өткен кездесуінің қорытындыларын қоса алғанда, жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды.

М. Тілеуберді іскерлік байланыстарды нығайтудың, америкалық инвестициялар мен озық технологияларды тартудың, сондай-ақ энергетика, аса маңызды минералдар, цифрландыру, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ тараптар Майамиде өтетін алдағы G20 саммитіне дайындық мәселелері жөнінде пікір алмасты. Бұдан бөлек, М. Рубио G20 саммитінен кейін жақын арада Қазақстан Республикасына толық форматтағы сапармен келуге мүдделі екенін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан-Америка кеңейтілген стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайтуға және нақты практикалық нәтижелерге қол жеткізуге өзара мүдделілік расталды.

18 октября 2026
Елші АҚШ пен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдерімен, сондай-ақ халықаралық іскерлік топтар өкілдерімен кездесті

«Орталық Азия – АҚШ» саммиті қарсаңында «С5+1» форматында Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжанов Самарқанд қаласында АҚШ пен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдерімен, сондай-ақ халықаралық іскерлік топтардың өкілдерімен бірқатар бейресми кездесулер өткізді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі П.Капурмен кездесу барысында тараптар өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Т.Боуэнс бастаған IG Global Group басшылығымен өткен кездесуде Қазақстандағы геологиялық барлау жобаларын іске асыру, оның ішінде Балқаш өңіріндегі «Прибрежное» мыс-порфир кен орнын игеру мәселелері, сондай-ақ компанияның Өзбекстандағы қызметін дамыту перспективалары талқыланды.

Air Products компаниясының Еуропа және Африка бойынша президенті И.Болспен кездесуде газ өңдеу, газ химиясы, мұнай өңдеу және металлургия салаларындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды. Компания Өзбекстанға 1,15 млрд АҚШ долл. астам инвестиция құйған және әлеуеті жоғары бес жобаны пысықтауға қатысуда.

Өзбекстанның Жеңіл өнеркәсіпті дамыту агенттігінің өкілі М.Султановамен кездесуде тоқыма, былғары және аяқ киім, сондай-ақ жібек өнеркәсібі салаларындағы қазақ-өзбек кооперациясын кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.

Сонымен қатар Елші АҚШ-тыңҚазақстандағы Елшісі Дж.Стаффтпен және FreedomHoldingCorp. өкілі Дж.Керрмен кездесті

Кездесулер қорытындысы бойынша инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге және бірлескен жобаларды ілгерілетуге өзара мүдделілік расталды. Бизнес өкілдеріне қазақстандық кәсіпкерлердің Өзбекстандағы іскерлік кеңесімен өзара іс-қимылды жандандыру ұсынылды.

 

16 октября 2026
Қазақстан Елшісі ШЫҰ АТҚҚ директорымен кездесті

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының Атқарушы комитетінің штаб-пәтерінде ҚазақстанныңӨзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжановтың Ұйым директоры Уларбек Шаршеевпен кездесуі өтті.

Тараптар ШЫҰ АТҚҚ қызметіне байланысты жаһандық және аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдарының терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастығының практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылды. Ұйымды қауіпсіздікке төнетін сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл жөніндегі Универсалды орталыққа айналдыру туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттері басшыларының шешімін іске асырудың ағымдағы кезеңі талқыланды.

Әңгіме барысында У.Шаршеев дипломатиялық миссия басшысын АТҚҚ форматында осы жылы өткен және жоспарланған іс-шаралары туралы хабардар етті.

Кездесу іскерлік және сындарлы атмосферада өтіп, Қазақстан Республикасы мен ШЫҰ АТҚҚ Атқарушы комитеті арасындағы серіктестік қатынастарды одан әрі дамытуға өзара ниеттілікті растады.

16 октября 2026
Қазақстан мен Бельгияның Ташкенттегі Tлшілері Орталық Азиядағы әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады

Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігінде Қазақстанның Елшісі Ералы Тоғжановтың Бельгияның Елшісі Маттиас Кендемен кездесуі өтті. Кездесу барысында дипломаттар екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі ауқымды мәселелерді талқылады.

Дипломатиялық миссиялар басшыларының кездесуі Бельгия Королі Филипп пен Патшайымы Матильданың Қазақстанға тарихи алғашқы мемлекеттік сапарының (2026 жылғы 11–14 қазан) аяқталу кезеңімен тұспа-тұс келді. Сапар аясында Жан-жақты әріптестік туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. Осыған байланысты тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипптің Астана қаласында өткен келіссөздерінің қорытындылары бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар аса маңызды минералдар, жаңартылатын энергетика, көлік және жасанды интеллект салаларында жоспарланған жобалардың маңыздылығын атап өтті.

Елшілер Еуропалық одақтың және, атап айтқанда, Бельгияның Орталық Азия өңіріне деген қызығушылығының артып келе жатқанын атап өтті. Осы орайда Маттиас Кенде 2026 жылғы қыргүйектен бастап Бельгияның Ташкентте толыққанды Елшілігін ашу арқылы тұрақты дипломатиялық қатысуын қамтамасыз ету форматына көшкенін атап өтті. Бұл қадам өңірлік ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.Сондай-ақ «Орталық Азия – Еуропалық одақ» өңіраралық форматы аясындағы ынтымақтастық перспективалары жан-жақты қарастырылды.

Елшіліктер басшылары Өзбекстан аумағында екі ел арасындағы экономикалық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу мақсатында тұрақты жұмыс диалогын жалғастыруға және тәжірибе алмасуға уағдаласты.

15 октября 2026
Ташкентте Абайдың бюсті салтанатты түрде ашу рәсімі өтті

Ташкент, 2026 жылғы 15 қазан – Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күнін мерекелеу қарсаңында Ташкент қаласының Бектемір ауданындағы «Абай» махалласында ұлы қазақ ақыны, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының бюстін салтанатты түрде ашу рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің, Қазақ ұлттық мәдени орталығының, Ташкент қаласы әкімдігі өкілдерінің және Өзбекстан махаллалары қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Қазақстан мен Өзбекстанды ортақ тарих, мәдени жақындық, ғасырлар бойғы бауырластық және өзара құрмет байланыстырады. Аталған оқиға Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достықтың, өзара сыйластық пен рухани үндестіктің жарқын көріністерінің бірі болды. Абай мұрасы осы рухани байланыстың берік негіздерінің біріне айнала алады.

Осылайша, Абай бюстінің салтанатты ашылуы Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралар легінің бастамасы болды.

Ташкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы көшеде Абай есімін ұлықтап, оның бюстін орнату – қазақ мәдениетінің көрнекті тұлғасына көрсетілген зор құрметтің белгісі әрі екі бауырлас халықтың тарихи тамырларының, мәдени дәстүрлері мен рухани құндылықтарының ортақтығын айғақтайды.

07 октября 2026
ТАШКЕНТ, 2026 жылғы 7 қазан – Еуропалық Одақтың Өзбекстан Республикасындағы Өкілдігінде Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ералы Тоғжановтың ЕО дипломатиялық миссиясының басшысы, Елші Тойво Клаармен кездесуі өтті.

ТАШКЕНТ, 2026 жылғы 7 қазан – Еуропалық Одақтың Өзбекстан Республикасындағы Өкілдігінде Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ералы Тоғжановтың ЕО дипломатиялық миссиясының басшысы, Елші Тойво Клаармен кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында тараптар Орталық Азиядағы өңірлік өзара іс-қимылды нығайтуға, тұрақты дамуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға қатысты мәселелердің кең ауқымын талқылады.

Дипломаттар екіжақты және өңіраралық ынтымақтастық форматтарының синергиясына ерекше назар аударды. Қазақстан Елшісі Астананың «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» форматындағы диалогты кеңейтуді дәйекті түрде қолдайтынын атап өтіп, бұл үдеріс басымдықты көлік-логистикалық жобаларды ілгерілету, «жасыл» технологияларды енгізу және сауда-экономикалық байланыстарды нығайту үшін пәрменді платформа болып табылатынын көрсетті.

Өз кезегінде, ЕО Өкілдігінің басшысы Тойво Клаар Қазақстанның өңірлік тұрақтылық пен интеграцияны қамтамасыз етудегі сындарлы рөлін жоғары бағалады. Ол Еуропалық Одақтың өңірдегі барлық елдермен серіктестікті тереңдетуге ниетті екенін мәлімдеп, соның ішінде Орталық Азиядағы көлік-логистикалық дәліздер мен цифрлық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды іс жүзінде іске асыруға мүдделілігін атап өтті.

Тараптар сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған дипломатиялық іс-шаралар шеңберінде күш-жігерді үйлестіру жоспарларын белгіледі.

Кездесу соңында Ералы Тоғжанов пен Тойво Клаар жедел іс-қимыл жасау және өңірлік прогреске жәрдемдесу мақсатында тұрақты жұмыс байланыстарын қолдауға әзірлігін растады.

03 октября 2026
Елші «Жаңа Ташкент» қаласының құрылысы дирекциясына барды

Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ералы Тоғжанов «Жаңа Ташкент» қаласының құрылысы дирекциясына барып, Дирекция директоры – Өзбекстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық Министрінің орынбасары Давронжон Адиловпен кездесу өткізді.

Дирекцияға бару барысында Елші Жаңа Ташкент қаласын дамыту тұжырымдамасымен, негізгі құрылыс және инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысымен, сондай-ақ қаланы одан әрі дамытудың перспективалық жоспарларымен танысты.

Заманауи қала құрылысы шешімдеріне, көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, энергия тиімді және цифрлық технологияларды енгізуге, сондай-ақ жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Тараптар құрылыс, сәулет және қала құрылысы, құрылыс материалдарын өндіру, сондай-ақ «ақылды қала» технологияларын қолдану салаларындағы қазақ-өзбек ынтымақтастығын кеңейту перспективаларын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша жұмыс байланыстарын жалғастыру, қазақстандық компаниялардың Жаңа Ташкенттің перспективалық жобаларына қатысу мүмкіндігін пысықтау, сондай-ақ жақын арада Ташкент қаласында Қазақстан-Өзбекстан құрылыс форумын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

02 октября 2026
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ералы Тоғжановтың Өзбекстан Республикасының Цифрлық технологиялар министрі Шерзод Шерматовпен кездесуі өтті

2026 жылғы 2 қазанда Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ералы Тоғжановтың Өзбекстан Республикасының Цифрлық технологиялар министрі Шерзод Шерматовпен кездесуі өтті.

Тараптар цифрлық саладағы қазақ-өзбек ынтымақтастығын кеңейту перспективаларын талқылады. Негізгі назар жасанды интеллектіні, технологиялық экожүйелер мен стартаптарды дамытуға, сондай-ақ Astana Hub пен IT Park Uzbekistan арасындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге аударылды.

Бірлескен жобаларды іске асыру, озық шешімдермен алмасу, екі елдің IT-компанияларының өзара нарықтардағы қатысуын кеңейту, сондай-ақ бәсекеге қабілетті цифрлық өнімдер мен технологиялық шешімдерді Орталық Азияның бірыңғай брендімен сыртқы нарықтарға бірлесіп ілгерілету мүмкіндіктері жеке қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша бейінді құрылымдар арасындағы тікелей байланыстарды жандандыру және нақты бастамаларды іске асыруға басымдық бере отырып, екіжақты ынтымақтастыққа барынша практикалық сипат беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары