
2025 жылғы 5 наурызда Өзбекстан Республикасы Президентінің көмекшісі Саида Мирзиееваның Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Бейбіт Атамқұловпен кездесуі өтті, оның барысында тараптар елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайтуды талқылады.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты талқылау барысында Астана мен Алматыда А.Науаи атындағы театрдың гастрольдерін, Қазақстан Ұлттық музейінде және Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан өнер мұражайында көрмелерді ұйымдастыру мен Түркістанда өтетін жастар форумын қоса алғанда, алдағы бірлескен іс-шаралар бойынша пікір алмасты.
Тараптар бұл іс-шараларды жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізу Қазақстан мен Өзбекстан басшыларының назары мен қолдауының арқасында қалыптасқан бауырлас халықтар арасындағы достықты одан әрі нығайтуға қызмет ететініне сенім білдірді.