Елші Бейбіт Атамқұлов Жизақ облысының Қазақ ұлттық мәдени орталығына барды

Елші Бейбіт Атамқұлов  Жизақ облысының Қазақ ұлттық мәдени орталығына барды

2024 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов Жизақ облысына жұмыс сапары аясында облыстық Қазақ ұлттық мәдени орталығы орналасқан халықаралық «Достық үйіне» барды.

Аталған іс-шара барысында Елшіні қазақ, қырғыз, тәжік, татар, корей және орыс мәдени орталықтарының қызметімен таныстырды және де қазақ диаспорасы белсенділерінің және Достық үйінде жұмыс істейтін басқа да ұлыт өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Қатысушылар мәдени іс-шараларды, білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру, ұлттық бірегейлікті сақтау және Қазақстанмен байланысты нығайту жөніндегі бастамаларды талқылады.

📌Анықтама: Жизақ қаласында "Достық үйі" 1996 жылы құрылған, онда халықаралық мәдени орталқтар жұмыс істейді, оның құрамына 5 ұлттық-мәдени орталық кіреді: қазақ, қырғыз, орыс, татар, тәжік және корей.
Ресми мәліметтер бойынша, қазіргі уақытта Жизақ облысында 28 мың 519 этникалық қазақ тұрады.