
Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің директоры Асаджон Ходжаевпен кездесті.
Ақпараттық кеңістіктегі екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері туралы жан-жақты сұхбат өтті. Алдағы 2025 жылға арналған өзара іс-қимылдың жоспарлары белгіленді. Екі елдің аумағында телеарналарды тарату мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында тараптар талқылауды талап ететін бірқатар бағыттар бойынша, оның ішінде сараптамалық деңгейде өзара іс-қимыл процестерін жандандыруға дайын екендіктерін білдірді.