Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов «Узархив» Агенттігінің директоры Улугбек Юсуповпен кездесті

Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов «Узархив» Агенттігінің директоры Улугбек Юсуповпен кездесті

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту аясында Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов «Узархив» Агенттігінің директоры Ө.М.Юсуповпен кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі тақырыбы мұрағат саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, деректермен алмасу және екі елдің мұрағат қорларына деген қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылды.

Кездесу барысында архив құжаттарымен алмасу, қазақстандық және өзбекстандық ғылыми қызметкерлердің екі елдің архив қорларына қолжетімділігін жеңілдету, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер мен архив саласындағы мамандарды даярлау тақырыптары талқыланды.

Сондай-ақ, Елші «Узархив» агенттігінің қызметімен және оның мұражайында сақталған тарихи және сирек кездесетін құжаттық материалдармен танысты.
Дипмиссия басшысы «Узархив» басшылығын ағымдағы жылы Шымкент қаласында өткен Қазақстан мен Өзбекстан мұрағатшыларының конференциясын ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, мұндай іс-шаралар тәжірибе алмасуға және мұрағат қызметтері арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге ықпал ететінін атап өтті.

Өз кезегінде Агенттігінің директоры бірлескен жобалар мен бастамалар арқылы мұрағаттық қызметті одан әрі тиімді атқаруға және дамытуға әр қашан әзір екендігін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты шарттық-құқықтық базаны жаңаландыруға, тұрақты консультациялар өткізу және екі елдің мұрағаттық қызметтері арасында тәжірибе алмасу жөніндегі жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.