2024 жылғы 6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді

2024 жылғы 6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

2024 жылғы 6 қазанда (жергілікті уақыт бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 399 референдум учаскесінде Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.
Дауыс беру күні 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие әрбір Қазақстан азаматының референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.
Аталмыш құқықты қолдану үшін Елшілік Сізді референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізуі қажет.
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің жанындағы № 399 референдум учаскесінің тізіміне Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорттары бар, болу елінде тұрақты немесе уақытша тұратын барлық азаматтар енгізіледі.

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Сіздерді дауыс беретін азаматтардың тізіміне енгізу үшін Өзбекстан Республикасы аумағындағы әрбір Қазақстан Республикасының азаматы өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс деректері) a.akhmetzhanova@mfa.kz электрондық мекенжайға «Референдум - 2024» белгісімен алдын ала жіберу қажет.

❗️Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, №399 учаскесінің келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз: +998 91 774 81 11; +998 91 774 00 32.