Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Ташкент, 2024 жылғы 1 тамыз – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Атамқұлов Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі Ж.Мирзамахмудовпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың серпіні мен болашағына оң баға берді. Мұнай мен газды жеткізу және транзиттеу саласындағы ынтымақтастық қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес және белгіленген мерзімде жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Электр энергетикасы саласында, ең жоғары кезеңдердегі электр энергиясының ағындары бөлігінде жолға қойылған тығыз ынтымақтастық ерекше атап өтілді, бұл өзара сенім мен үйлестірудің жоғары деңгейін көрсетеді.

Сондай-ақ өңірдің тұрақты дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды кезеңі болып табылатын Қамбар-Ата ГЭС-1 құрылысы жобасы бойынша қабылданған үшжақты шаралар қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі өзара іс-қимылға және энергетика саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға әзірлік расталды.