
27 маусымда Замин қаласында әлемнің 80-нен астам елінен келген 400-ге жуық қонақтың, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен II Халықаралық мақом өнері форумының салтанатты ашылуы өтті.
Қонақтарға арнап классикалық әндер шырқалып, салт-дәстүрдің қадір-қасиетін дәріптейтін биден шашу шашты.
Салтанатты шарада Өзбекстан Пррезиденті Шавкат Мирзиеев құттықтау сөз сөйледі.
Қазақстан тарапынан форумға Президенттің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов қатысты.
Сондай-ақ шараға «Ақтоты» Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Райымқұлова, ТМД Бас хатшысының орынбасары Нұрлан Сейтімов және т.б. қатысты.