2024 жылғы 27 маусымда Абай атындағыҚазҰПУ-да "Науаи және Абай: жалпы адамзаттық құндылықтардың сабақтастығы" атты Халықаралық форумы өтті, оның аясында Әлішер Науаи мен Абай Құнанбаевтың еңбектерінің әдебиоқулары болды.
Форумның негізгі міндеттерінің бірі ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және Қазақстан мен Өзбекстан — сенімді одақтастар және маңызды әріптестер болып табылатын елдер арасындағы мәдени байланыстарды дамытуға бағытталған ынтымақтастықты дамыту, және бірлескен жобаларды іске асыру болды.
Іс-шараға қазақстандық және өзбек жоғары оқу орындарының көптеген өкілдері, Алматыда аккредиттелген өзбек дипломаттары, ҚР Ғылымжәне жоғары білім министрлігінің, Әлішер Науаиатындағы Өзбек тілі, әдебиет және фольклор институтының, Өзбекстан Ғылым академиясының қызметкерлері және т.б. қатысты.
Форум мен әдеби оқуларды дайындау мен өткізуге Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігінің дипломаттары қатысты.
Елшілік форумды ұйымдастырғаны үшін Абайатындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Болат Тілеп пен университет проректор Айгүл Ысқақоваға, сондай-ақ Өзбекстандық жоғары оқу орындарының басшыларына: Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінің ректоры Шухрат Сирожиддиновке, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Абдугафар Қырғызбоевқа, Шыршық мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Гафуржон Мұхаммедовке, Ш.Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университетінің ректоры Баходир Сабировқа және Навои мемлекеттік педагогикалық институтының проректоры Дилноза Нарзикуловаға қатысқандықтары үшін ерекше алғысын білдіреді.