Қазақстанның Елшісі Бейбіт Атамқұлов Чирчик қаласындағы М.Әуезова атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті филиалын ашу бойынша таныстыру шарасына қатысты

Қазақстанның Елшісі Бейбіт Атамқұлов Чирчик қаласындағы М.Әуезова атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті филиалын ашу бойынша таныстыру шарасына қатысты

Ташкент, 2024 жылғы 9 наурыз  — Өзбекстан Республикасының Жоғары білім, ғылым және инновация министрі Конгратбай Шарипов пен Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов М.Әуезова атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті филиалын Ташкент облысы, Чирчик қаласында ашу үшін таныстыру шарасына қатысты (Auezov University).

Іс-шара барысында М.Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма төрағасы-ректордың Кеңесшісі Дария Қожамжарова 2024 жылдың қыркүйегінде бірден-бір жетекші университетің филиалының ашылу перспективалары туралы көрсетпе ұсынды. Сондай-ақ, мәресімде Auezov University білім беру бағдарламалары мен болашақ жоспарларымен, қатысушыларды таныстырды.

Анықтама: М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті-Қазақстан Республикасының ірі көпсалалы ЖОО. Университет бакалавриат, магистратура және докторантураның 301 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар дайындайды. 80 жылдық тарихы бар Auezov University отандық жоғары білім және ғылым саласындағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады.

«Auezov University» филиалында Өзбекстанның еңбек нарығында гуманитарлық және техникалық бағыттар бойынша бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие IT-технологиялар, химиялық және тағамдық инженерия саласындағы кадрларды даярлауды іске асыратын болады,

Сонымен қатар, Чирчик қаласының хокимі Даврон Хидоятов университет филиалы болашақта Чирчик қаласының өнеркәсіптік қажеттіліктері үшін өте маңызды кадрлар дайындайтынын атап өтті.

Анықтама: Auezov University-де студенттерді келесі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту жоспарлануда: "Экономика"; "құқықтану"; "халықаралық құқық"; "Биотехнология"; "Экология"; "Ақпараттық жүйелер"; "Автоматтандыру және басқару"; "Машина жасау"; "Көлік, көлік техникасы және технологиялар"; " Электр энергетикасы"; "Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы"; "Органикалық заттардың химиялық технологиясы"; "Мұнай-газ дело"; "Металлургия"; "тамақ қауіпсіздігі және инженерия"; "Тоқыма материалдарының технологиясы және дизайны"; "Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру";"тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау".

Филиалдың ашылуы Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2022 жылғы желтоқсандағы Өзбекстанға мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол қойылған білім беру саласындағы «Жол картасы» тармақтарын орындау шеңберінде іске асырылады.

Чирчик-Өзбекстанның өнеркәсіптік қалаларының бірі. Аталғвн өңірде машина жасау, металл өңдеу және химия өнеркәсібі дамыған.