
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Бейбіт Атамқұловтың Науаи облысына жұмыс сапар бағдарламасы Науаи қаласындағы Қазақ мәдени орталығының белсенділерімен кездесуден басталды.
Одан әрі Елші Нұрат қаласында орналасқан "Сейітқұл әулие – Әйтеке би" кесенесі мен "Чачма" мемориалдық кешенін аралады. Атап өтетін жайт, 2024 жылғы 15-16 мамырда көрнекті мемлекет қайраткері Әйтеке бидің 380 жылдығына орай іс-шаралар өткізіледі деп күтілуде.
Сондай-ақ, дипмиссия басшысы 1966 жылы Терікқұдық кентінің Кенимех ауданында құрылған №14 қазақ орта мектебінде болды. Мектептің оқытушылар құрамымен және елді мекен ақсақалдарымен білім беру үдерісінің мәселелері талқыланды.
Кенимех ауданында жұмыс істейтін 36 мектептің 28-інде оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.
26 ақпанда Науаи қаласына жұмыс сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов Наауи облысының әкімі Нормат Тұрсыновпен кездесу өткізді. Кездесуде Қазақстан өңірлерімен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды.
Химия және тау-кен өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, делегациялардың өзара сапарларын ұйымдастыруға, бірлескен бизнес-форум, сондай-ақ Науаи қаласында Жастар фестивалін өткізуге ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, Тараптар Науаи облысы мен оның әкімшілік орталығы (Науаи қ.) мен Қазақстанның өңірлері және қалалары арасында бауырлас байланыстар орнату, сондай-ақ іскер топтар арасында тікелей байланыс орнату арқылы өңіраралық диалогты дамыту мүмкіндігін қарастырды.
Кездесу соңында Б. Атамқұлов "Науаи" еркін экономикалық аймағына барып, "Науаи тау-кен металлургия комбинаты" АҚ, "Науаиазот" АҚ, "Қызылқұмцемент" АҚ және "Gidro Stanko Servis"ЖШҚ сияқты өңірдің ірі индустриялық кешендерінің қызметімен танысты. Кәсіпорындардың басшылығымен кездесу барысында тараптар сауда айналымын ұлғайту және екі елдің нарықтарында тауарлар мен қызметтерді ілгерілетуде компаниялардың маңызды әлеуетке ие екенін атап өтті.