
2024 жылғы 15 ақпанда Өзбекстан Республикасы Сырдария облысының «Гүлистан» кеден бекетінде ҚР Сауда және интеграция Вице-министрі Қайрат Төребаев пен ӨР Инвестиция, өнеркәсіп және сауда Министрінің орынбасары Хуррам Тешабаевтың төрағалығымен уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын (ХӨКО) құру жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өтті.
Тараптар Орталықтың дамуының бастапқы контурларын таныстырып, онда қатысушылар орталықтың инфрақұрылымдық дамуы мен тиімді жұмыс істеуіне қатысты мәселелерді талқылады. Құрылыс кезеңдерін жоспарлауға, орталықтар арасындағы арнайы (түйіспелі) ауысу үшін орынды таңдауға және көлік-логистикалық әлеуетті одан әрі дамытуға назар аударылды.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Қ.Төребаев өнеркәсіптік кооперация орталығының техникалық іске қосылуы 2026 жылдың 4-тоқсанына, ресми ашылуы 2027 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланғанын атап өтті. Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі жобаның толық аяқталғанға дейін барлық кезеңдерін тікелей бақылауда ұстайтынын баса айтты.
Отырыс қорытындысы бойынша Түркістан және Сырдария облыстарының әкімдіктері арасында ХӨКО жобасын іске асыру бойынша Жол картасына қол қойылды, сондай-ақ, «TCL GR» ЖШС ХШЫО қазақстандық бөлігінің басқарушы компаниясы мен тоқыма саласындағы алғашқы инвестициялық жобаны іске асыруға ниетті «Global Textile» өзбекстандық кәсіпорны арасында ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.