2024 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Ташкент қаласына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, индустрия және сауда министрі Лазиз Кудратовпен келіссөздер жүргізілді.
Екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Өзбекстаннан Қазақстанға жеміс-жидек пен көкөністерді жеткізу маусымдылығын ескере отырып, мұнда нақты келісімдерге қол жеткізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы желтоқсандағы Өзбекстанға сапарының қорытындысы бойынша берілген екі ел Президенттерінің тапсырмаларын іске асыру жөніндегі Жол картасын іске асыру барысын бақылауға, оның ішінде тауар айналымын 10 млрд долларға дейін ұлғайту бойынша маңызды назар аударылды.
Келіссөздер барысында транзиттік-көлік саясаты, шекаралық өткізу пункттерінің инфрақұрылымын жаңғырту, трансшекаралық және өңірлік ынтымақтастық, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы IV өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелері қозғалды. Нәтижесінде барлық келісімдерді, оларды орындау мерзімдерін және шараларын ресімдейтін хаттамаға қол қойылды.
Сонымен қатар, Қазақстандық делегация қалалық Технологиялық паркінің қызметімен танысты, онда өзбек тарапымен өзбек-қазақ өнеркәсіптік кооперациясын және екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстарды кеңейту перспективаларын талқылады. Айта кету керек, Технопарк 20-дан астам жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған кәсіпорынды біріктіреді.