Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысы Түркістан облысында басталды

Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысы Түркістан облысында басталды

Түркістан облысында ұзындығы 152 шақырым болатын Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республиканың көліктік-транзиттік әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған ірі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Оның аясында қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы жаңа өткізу пункті ашылады.
Сонымен қатар, жоба Түркістан облысын республиканың магистральдық теміржол желісіне қосу арқылы оның дамуына үлес қосады.
Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстыратын тағы бір буын – жаңа теміржол желісінің салынуы Сарыағаш стансасындағы кептелістерді азайтып, Өзбекстанға экспорттық жүк тасымалдауды арттырады.