Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Бобур Усмановпен жұмыс кездесуін өткізді

Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Бобур Усмановпен жұмыс кездесуін өткізді

2023 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Бобур Усмановпен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында екі елдің сыртқы саяси және сауда-экономикалық өзара іс-қимылының негізгі мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, тараптар өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапары кезінде қабылданған уағдаластықтарды орындау жөніндегі іс-шараларды талқылады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты, өңіраралық өзара іс-қимылды және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді. Осы тұрғыда тараптар қалалар мен облыстар арасында бауырластық қарым-қатынас орнату мүмкіндігін талқылады. Бұл өңірлердің берік байланыстары мен жан-жақты дамуының негізгі факторы болады.

Көпжақты құрылымдардағы ынтымақтастық шеңберінде өзара қолдауға ерекше назар аударылды, бұл өңірлік және жаһандық ауқымда ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін берік негіз жасайды.

Кездесу соңында тараптар шынайы өзара түсіністік пен одақтастық рухында одан әрі ынтымақтастықты арттыруға ортақ ұмтылысын білдірді.