Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше елдер көлік министрлерінің 12-ші отырысыТашкентте өтті

Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше елдер көлік министрлерінің 12-ші отырысыТашкентте өтті

Ташкент, 2023 жылғы 2 қараша – Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше елдер көлік министрлерінің 12-ші отырысы өтті. Қазақстан Республикасынан ҚР Көлік вице-министрі Т.Ластаев қатысты.

Кездесу барысында сауда және көлік коммуникациялары саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, жаңа көлік дәліздерін құру, оларды тиімді пайдалану, осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

«Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық дәлізін дамыту шеңберінде бүкіл бағыт бойынша жүк жөнелтушілер үшін түпкілікті бірыңғай тарифті қамтамасыз ету мақсатында осы бағыттың шығыс тармағы бойынша теміржол контейнерлік тасымалының жеңілдетілген тарифтері талқыланды.

Шара аясында сондай-ақ Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Иран және Түркияның көлік және темір жол әкімшіліктері саласындағы мүдделі министрлік өкілдерінің көпжақты кездесуі өтті. Ол «Қытай – Қазақстан – Өзбекстан – Түркіменстан – Иран – Түркия – Еуропа» халықаралық мультимодальды бағытын қалыптастыруға арналып, оның нәтижелері тараптар қол қойған тиісті хаттамада бекітілді.

Кездесу нәтижесінде қорытынды құжат – Ташкент декларациясына қол қойылды.