
2023 жылы 11 қазанда Орталық Азия халықаралық институтында "Бір белдеу – бір жол: Орталық Азия елдері үшін жаңа мүмкіндіктер" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс – шара Бейжіңде бастаманың 10 жылдығына орай "Бір белдеу-бір жол" бағдарламасын іске асыруды талқылау бойынша халықаралық ынтымақтастықтың алдағы үшінші форумы қарсаңында ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы және Қытай дипломатиялық миссияларының басшылары, сондай-ақ талдау институттарының сарапшылары қатысты. Қазақстан тарапынан ҚР-ның ӨР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Атамқұлов және ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Е.Тукумов қатысты.
Кездесу барысында сарапшылар 10 жыл ішінде бағдарлама Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық бойынша өзінің нәтижелілігін көрсеткенін атап өтті.
Осы кезеңде біздің елдеріміз арасындағы транзиттік-көліктік ынтымақтастық өзара іс-қимылдың ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының біріне айналды.
Орталық Азия елдері көліктік-транзиттік инфрақұрылымды дамытуға көп көңіл бөледі және Ұлы Жібек жолын жаңғырту бастамасына белсенді қатысады.
Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Б.Атамқұлов өз сөзінде атап өткендей, "Бір белдеу, бір жол" бастамасын іске асырудың арқасында соңғы жылдары Қазақстан аумағы арқылы шығыс-батыс бағыты бойынша контейнерлік теміржол тасымалының көлемі айтарлықтай өсті.
Қазіргі уақытта біздің жалпы күш-жігерімізбен 1.6 млн-нан астам контейнер тасымалданды (ҚТЖ деректері бойынша, 2014 жылғы мамырдан 2023 жылғы шілдеге дейін 1.6 млн-нан астам контейнер немесе 46 606 196 тонна).
Сарапшылардың пікірінше, біздің елдеріміз тауарлар мен технологиялардың белсенді өзара алмасуы үшін экономикамыздың "симбиозын" белсенді дамытуы керек.