
2023 жылғы 6 қазанда Ташкентте "International Educational Fair 2023" халықаралық білім беру көрмесі өтеді ("Wyndham" қонақ үйі, сағат 10.00).
Көрме идеялармен алмасуға, серіктестіктер құруға және білім беру саласындағы үздік тәжірибелерді қолдауға арналған алаң болып табылады.
Іс-шараны "Ali Group" медиа компаниясы "Bilim" ЖШС бастамасымен, ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты: оқу орындары мен студенттер арасындағы әріптестікті нығайта отырып, білім мен ғылымды дамытуға ықпал ету, білім беру мен инновация мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу, сондай-ақ өзекті білім беру ресурстарына қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Көрмеге әртүрлі елдерден, соның ішінде Австралия, Ұлыбритания, Венгрия, Малайзия, Америка, Түркия, Әзірбайжан, Литва және т. б. 50-ден астам жоғары оқу орындарының өкілдері қатысады.
Студенттерді, БАҚ өкілдерін және барлық мүдделі адамдарды көрмеге қатысуға шақырамыз!