Ташкентке Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс сапары

Ташкентке  Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс сапары

Ташкентке жұмыс сапарымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының Орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов бастаған Қазақстан халқы Ассамблеясының делегациясы келді.

4 қазанда қазақстандық делегация мен Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрлігі жанындағы шет елдермен ұлтаралық қатынастар және достық қатынастар комитетінің өкілдері арасында кездесу өткізіліп, оның барысында Қазақстан мен Өзбекстанның уәкілетті мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылының өзекті мәселелері қаралды.

Қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз етуде, азаматтық бірегейлікті нығайтуда тәжірибе алмасу болды. Ынтымақтастықтың жаңа векторлары талқыланды.

Өзбек делегациясының басшысы Өзбекстан Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі жанындағы шет елдермен ұлтаралық қатынастар және достық қатынастар комитеті төрағасының орынбасары Азамат Тошев Қазақстан халқы Ассамблеясына ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп, одан әрі бірлескен жұмыс бауырлас мемлекеттер арасындағы мәдени және гуманитарлық өзара іс-қимылды дамытуға елеулі үлес қосатынын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Өзбекстан Республикасы Мәдениет Министрлігі жанындағы шет елдермен ұлтаралық қатынастар және достық қатынастар комитеті арасында өзара ынтымақтастық туралы жаңартылған Меморандумға қол қойылды.

Меморандум ынтымақтастығының негізгі бағыттары Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестік қатынастарын одан әрі дамытуға және нығайтуға ықпал ететін бірлескен жобаларды әзірлеу және іске асыру, этносаясаттың әртүрлі аспектілері, этносаралық және конфессияаралық қатынастар және мәдениетаралық өзара іс-қимыл салалары бойынша ақпарат алмасу және басқа да мәселелер көзделген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұловтың қатысуымен қазақстандық делегация Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің заң шығару палатасының Халықаралық істер және парламентаралық байланыстар комитетінің төрайымы Дилор Файзиевамен кездесті.

Қазақстан Республикасы Парламентінің "Бір ел - бір мүдде" депутаттық бірлестігі мен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің заң шығару палатасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, саяси, әлеуметтік, мәдени, гуманитарлық салалардағы қатынастарды тереңдетуге бағытталған ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, Ташкенттегі Абай Құнанбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі, делегацияның Қазақстан Елшілігіне сапары және Қазақ ұлттық мәдени орталығының басшылығымен Өзбекстанға кездесу өтті, онда екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелері қаралды.