ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІ ХАТШЫЛЫҒЫ ХХІ ОТЫРЫСЫНЫҢ БАСПАСӨЗГЕ ХАБАРЛАМАСЫ

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІ ХАТШЫЛЫҒЫ ХХІ ОТЫРЫСЫНЫҢ БАСПАСӨЗГЕ ХАБАРЛАМАСЫ

2023 жылғы 11 қазанда Астана қаласы, Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXI отырысы өтеді.

Хатшылық отырысы аясында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің 2023-2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын талқылау жоспарлануда.

Съездің ХХІ Хатшылығының жұмысына Мысыр, Әзербайжан, Пәкістан, Иран, Израиль, Қытай, Моңғолия, Жапония, Үндістан және т.б. елдерден ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, синтоизм өкілдері қатысады деп күтілеуде.

Толық ақпарат сілтеме бойынша