2023 жылғы 4-11 қазанда Ташкент қаласында «Алаштың асыл арысы» халықаралық көрмесі өтеді

2023 жылғы 4-11 қазанда Ташкент қаласында «Алаштың асыл арысы» халықаралық көрмесі өтеді

2023 жылғы 4-11 қазанда Ташкент қаласында ағартушы ғалым, дәрігер, Қазақстандағы денсаулық сақтау, жоғары білім беру, баспа ісінің алғашқы ұйымдастырушыларының бірі Халел Досмұхамедовтың 140 жылдығына және педагог, ғалым, Абайтанудың негізін қалаушы, Жазушылар одағының мүшесі, ақын, драматург, аудармашы, 130 жылдығына орай – Мағжан Жұмабаевқа. арналған «Алаштың асыл арысы» халықаралық көрмесі өтеді.

Көрмені Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейімен және Өзбекстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Мемлекеттік музейімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі мен Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің тікелей қолдауымен ұйымдастырылады.

Көрменің мақсаты Алаш қайраткерлерінің адамгершілік өмір салтын насихаттау, екі ел арасындағы халықаралық ынтымақтастық пен мәдени байланыстарды нығайту және музей мамандарының тәжірибе алмасуын ұйымдастыру.

Көрмеде Алашорда қайраткерлерінің жеке кешендерінен: Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мұхамеджан Тынышпаев, Мұстафа Шоқай, Сәкен Сейфуллин мұражай заттары (50 сақтау бірлігі), сондай-ақ ұлы қайраткерлер Халел Досмұхамедов пен Мағжан Жұмабаевтың мұрағаттық құжаттары мен жеке заттары және ақпараттық стендтер ұсынылады. Мұражай заттарының арасында қазақ ақыны, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің жеке заттары (пальто, көзілдірік, қолтаңбасы бар мөр), сондай – ақ ағартушы ғалым, дәрігер, Денсаулық сақтау жүйесін алғашқы ұйымдастырушылардың бірі Халел Досмұхамедовтың жеке мөрі қойылады.

«Алаштың асыл арысы» халықаралық көрмесімен танысу үшін барлық ниет білдірушілерді 2023 жылғы 4-11 қазан аралығында Өзбекстан Министрлер Кабинетінің қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Мемлекеттік мұражайына шақырамыз.

Өтетін орны: Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы, Әмір Темір көшесі, Шахидлар хотираси алаңы, қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Мемлекеттік мұражайы.

Көрменің ашылуы: 2023 ж. 4-қазан сағат 10.00-де.