
2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауы барысында Президент Қ. Қ. Тоқаев аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу туралы бастама көтерді.
Бұл мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыруға және азаматтардың жергілікті атқарушы билік деңгейінде шешім қабылдауға тікелей қатысуын кеңейтуге бағытталған саяси реформалар процесінің маңызды кезеңі.
Енді сайлаушылардың жалпы санының кемінде 1% қолдауымен өзін-өзі ұсынушылар әкім бола алады.
Осы сайлауды өткізу үшін қажетті құқықтық база өткен жылы қалыптасты.
Қазіргі уақытта 17 Облыстың мәслихаттары пилоттық режимде сайлау өткізу үшін 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалалардың тізбесін бекітті, сондай – ақ олардың күні ағымдағы жылдың 5 қарашасында белгіленді.
Қазақстан Республикасы азаматтарының арасынан 25 жастан кіші кандидаттар мынадай тәсілдермен ұсыныла алады:
белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар өз мүшелерінің арасынан. Бұл ретте саяси партия бір сайлау округінде бір ғана кандидат ұсынуға құқылы;
дауыс беруге құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының кемінде 1% қолдауымен өзін-өзі ұсыну жолымен.
Сайлау қорытындыларын ауданның (қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы үш күн ішінде белгілейді (сайлау туралы Конституциялық заңның 113-10-бабының 1-тармағы).
Басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көп дауысын жинаған кандидат сайланған әкім болып саналады.
Сайлау комиссияларының отырыстары ашық форматта өтетін болады. Кандидаттар, сенім білдірілген адамдар, бақылаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.