
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының "Б. Қонысбаев" кеден бекетінде кедендік шекарадан өту үшін электрондық кезекті реттейтін "CARGO RUQSAT" жүйесінде ақаулар байқалуда.
Бұл жағдай қазақстандық жүк көлік құралдарының жүргізушілеріне Қазақстан тарапынан кеден бекетінен өтуге мүмкіндік бермейді.
Ақаулықтың себебі-ақпараттық жүйелерді біріктіруге байланысты техникалық жұмыстарды жүргізу.
2023 жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша кеден бекетінде 200-ге жуық жүк көлігі жиналды.
ҚР тиісті құзыретті органдары ақауларды тезірек жою үшін барлық күш-жігерін салуда.
Бұл мәселе ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің бақылауында.