
МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығын алу үшін шетелде оқитын қазақстандық студенттерге egov.kz электрондық үкімет порталында «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» бөлімінде, анықтамамен (оқу орнынан анықтама) қоса отырып, өтінім беру қажет.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңының 26-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес МӘМС-ке орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын адамдар үшін жарналарды мемлекет жүзеге асырады.
Өтінім бергеннен кейін МӘМС шеңберінде «сақтандырылған» мәртебесін беру ҚР ОАМ ҰБДБ-нан келіп түскен деректер негізінде Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде жүзеге асырылады.