
2023 жылғы 1 тамызда - Қазақстан Республикасының Елшісі Б.Атамқұловтың Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Б. Усмановпен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында екіжақты қатынастардың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің 2023 жылғы 16-17 тамызда Өзбекстан Республикасына алдағы ресми сапарын дайындауға басты назар аударылды.
Сонымен қатар, мәдени-гуманитарлық, энергетикалық, көліктік-логистикалық ынтымақтастыққа, су ресурстарына, шекараға қатысты мәселелер, сондай-ақ екіжақты негізде де, халықаралық ұйымдар шеңберінде де өзара іс-қимыл талқыланды.
Кездесу барысында тараптар екі мемлекет басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес екіжақты қатынастарды дамытатыны атап өтілді. Бұл Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тұрақтылық пен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту бағытындағы маңызды қадам болып табылады.