
Қазақстан мен Грузия үкіметтерінің басшылары ТХКБ-ны дамыту мен өзара сауда-саттықтың ұлғаюын талқылады
2023 жылғы 23 маусымда Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвилимен келіссөз жүргізді. Шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулер ҚР Үкіметі басшысының ресми сапары аясында Тбилисиде өтті.
Ресми сапар аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Грузия темір жолы» АҚ арасында бірлескен кәсіпорын құру мен оның жұмысының базалық қағидаттары туралы үшжақты келісімге қол қойылды.
2023 жылғы 22 маусымда бұл құжатқа «Әзербайжан темір жолдары» ЖАҚ қол қойды.
Қазақстан, Әзербайжан және Грузия бірыңғай логистикалық компания құрады. Ол тарифтік саясат, жүктерді тарату және ТХКБ-да көлік процестерін жеңілдету мәселелерімен айналысатын болады. Оның жұмысы нәтижесінде Қытайдан Еуропаға және кері маршрут бойынша өту мерзімі 10-15 күнге дейін қысқарады деп күтілуде.