
Бұхарада Қазақстанның мәдениет күндері жалғасты
Өзбекстандағы Қазақстанның мәдени күндерін Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының гала-концерті Бұхара қаласында өтті.
«Жастар сарайының» сахнасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Салтанат Ахметова, Әлішер Кәрімов, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Рухия Байдүкенова, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Дінисламбек Жайлаубай, Салтанат Меңдіғалиева, Дидар Әбдухалық, «Гүлдер» мен Тұран этнофольклорлік ансамбльдерінің әртістері өнер көрсетті.