Қазақстан Республикасының Өзбекстанда өтіп жатқан мәдениет күндері аясында Самаркандта Гала - концерт өтті.

Қазақстан Республикасының Өзбекстанда өтіп жатқан мәдениет күндері аясында Самаркандта Гала - концерт өтті.

Қазақстанның Өзбекстанда өтіп жатқан мәдениет күндері Самарқандта жалғасты.

Ү. ж. 22 маусымда «Нұрафшон» мәдениет сарайында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының Гала-концерті өтті.

Концерттік бағдарламамен сахнада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Салтанат Ахметова, Әлішер Кәрімов, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Рухия Байдукенова, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Дінисламбек Жайлаубай, Салтанат Мендіғалиева, Дидар Абдухалық өнер көрсетті. Концертте белгілі қазақ және өзбек музыкалық шығармалары орындалды, сондай-ақ Тұран этно-фольклорлық ансамблі өз өнерлерін көрсетті.