
Ташкент, 2023 жылғы 20 маусым - Өзбекстанда Қазақстанның мәдениет күндері басталды
Өзбекстандағы Қазақстанның мәдени күндерін Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының гала-концерті ашты.
«Түркістан» өнер сарайының сахнасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Салтанат Ахметова, Әлішер Кәрімов, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Рухия Байдүкенова, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Дінисламбек Жайлаубай, Салтанат Меңдіғалиева, Дидар Әбдухалық, «Гүлдер» мен Тұран этнофольклорлік ансамбльдерінің әртістері өнер көрсетті.