
Ташкентте қазақ киносының күндері ашылды
2023 жылғы 20 маусымда Ташкентте басталған қазақстандық киносы күндері аясында қазақстандық киногерлердің тоғыз фильмі өзбекстандық телекөрермендеріне ұсынылады.
Ашылу фильмі режиссер Болат Мансұровтың Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ өндірістік-техникалық базасында қалпына келтірілген «Сұлтан Бейбарыс» толықметражды көркем фильмі болды.
Шара аясында 20-23 маусым аралығында Әлішер Науаи атындағы Орталық Кино үйінде көрермен назарына «Мұқағали» (реж. Болат Қалымбетов), «Дос-Мұқасан» (Айдын Сахаман), «Паралимпиадашы» (Алдияр Байрақымов), «Стартта» (Ернар Нұрғалиев) және «1941 жылдың жазы» (Бекболат Шекеров). көркем фильмдері ұсынылады.
Балалар көрермендеріне қазақ анимациясын жасаушысы, режиссер және суретші А.А.Хайдаровтың 100 жылдығына арналған «Кенже қыз» (Иван Ардашов), «Бесік жыры» (Ділшат Рахматуллин) және «Әмен ағаның ғажайып бәйтерегі» (Жанәділ Байдарбеков) анимациялық фильмдері ұсынылады.