
Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 1,1 миллиард АҚШ долларын құрап, бір жыл бұрынғыдан 5,2 пайызға артық.
Тауар айналымының басым бөлігі (76,7%) Қазақстан Республикасынан экспортталды. Жыл басынан бері экспорт 0,9 пайызға өсіп, 821,3 миллион долларға, ал импорт 22,6 пайызға өсіп, 248,9 миллион долларға жетті.
Қазақстанның тауар айналымы құрылымында Өзбекстанның үлесі 3,3 пайызды құрады. Өзбекстанның үлесіне Қазақстан Республикасынан экспорттың 4,4%, импорттың 1,8% тиесілі.
http://finprom.kz/ru/article/tovarooborot-kazahstana-s-uzbekistanom-vyros-na-5