
Құрметті үміткерлер!
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі шетелдік азаматтарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтарды бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша ҚР жоғары оқу орындарында оқуға шақырады.
Бөлінген гранттар саны:
- бакалавриат – 490;
- магистратура-50;
- PhD докторантура – 10.
Үміткерлер құжаттарды 2023 жылдың 30 маусымына дейін онлайн режимінде тапсыра алады.
Танысу және құжаттарды тапсыру үшін төмендегі сілтемеге өту керек:
https://enic-kazakhstan.edu.kz/stipendialnye-programmy/operativnaya-informaciya
Стипендиялық бағдарламаның операторы - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығы.